БІЛІМПАЗ ШӘКІРТТЕР АНЫҚТАЛДЫ
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жабылу салтанаты өтті. Шараға облыстық білім беру басқармасының басшысы С. Есенғалиев, Атырау университетінің ректоры С. Идрисов, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Қ.Сүндетұлы және аудандық білім бөлімінің басшылары, т.б. құрметті қонақтар мен олимпиада жеңімпаздары қатысты.
Облыстың бас ұстазы С.Есенғалиев облыстық олимпиаданың жеңімпаздарын құттықтап, сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Бұдан кейін сөз алған Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры С.Идрисов барлық олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тілеп, университет атынан жеңімпаздарға гранттар ұсынды. Сондай-ақ облыстық олимпиада жеңімпаздарына еліміздегі ең беделді ЖОО бірі - Қазақстан-Британ техникалық университетінің де гранттары табыс етілді. Облыстың салалық кәсіподақ атынан Қ.Сүндетұлы озат шәкірттерді дайындаған ұстаздарға республиканың емдеу-сауықтыру орындарына тегін жолдамалар ұсынды.
Жалпы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі пандемияға байланысты бес күнге созылды. Барлығы 419 оқушы бақ сынасты. Сондай-ақ қала оқушылары Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің базасында, ал аудан оқушылары жергілікті тест орталықтарында отырып, қатысты. Барлық оқушылардың жауаптары қазылар алқасына бармас бұрын, шифр қойылып, darynatyrau.kz сайтында жарияланып отырды. Ал қатысушылар отырған кабинеттерге бейнекамералар қойылып, тікелей эфир сілтеме арқылы қатысушылардың ата-аналарына, мектеп ұжымына қолжетімді болды.
Ұстаздық еңбек
-
Фотографии
-