АРДАГЕР ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ
«Алғыс айту» күні мерекесіне орай Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалының қалалық білім бөлімімен бірлесе ұйымдастырылған мерекелік іс-шарасы өтті. Шараға ардагер ұстаздар мен жас мамандар және әлеуметтік әріптестер қатысты.
Мерекелік кешті Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Н.И.Байпақов құттықтау сөзімен ашты. Қоғам мен адамзат алдындағы ардагердердің өлшеусіз еңбектеріне алғысын білдіре келе, оларды қала әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.
Кеш барысында жас мамандар ардагер ұстаздарға сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. 95 жасқа келген ардагер ұстаз Салиха апай жас мамандарға тәлімі мол өсиеттерін айтып, ақ батасын берді.
Мерекелік кеште ән мен жырдан шашу шашылып, ардагер ұстаздардың жылы лебіздері тыңдалды. Облыстық және қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымдары да құттықтау тілектерін жеткізді.
Кеш соңында Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының Ақтау қалалық филиалының төрайымы К. Енсегенова шараға қатысушыларға сый-сияпаттарын табыстады.
К.Еңсегенова,Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының
Ақтау қалалық филиалының төрайымы