БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫ ҚҰРЫЛДЫ
Маңғыстау облыстық білім басқармасына қарасты Маңғыстау өнер колледжі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде және Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылындағы №3 Арнайы мектептерінде бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылды.
Өнер колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып Утепова Гүлжан Сайнқызы және №3 Арнайы мектептің кәсіподақ ұйымының төрайымы болып Туркешова Мереке Сарсенбайқызы сайланып, қызметкерлердің еңбек қатынастарын реттейтін және олардың әлеуметтік мәселесін шешуге бағытталған 2021 – 2023 жылдарға арналған ұжымдық шарт қабылданды.
Аталған ұжымдар «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің құрамына кірді.
Кәсіподақ мүшелері бас қосқан жиындарда Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ХІV съезінің материалдары, сондай-ақ ҚР заңнамалары, бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы ережелер кеңінен насихатталды. ҚР Кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 6.5. «2021 жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы» деп жариялау туралы» Қаулысы, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ Атқару комитетінің «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының кәсіподақ қызметі туралы «Үздік бейнеролик» Республикалық байқауы туралы» Қаулысы таныстырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіптік одағының
Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-