«ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК»
Қазақ поэзия әлемінің биік шыңына шығып, ұрпағына өшпес мұра қалдырған Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 90 жыл.
Ақиын ақынның мерейтойы қарсаңында Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы жанынан құрылған жастар Кеңесінің бастамасымен «Жырлайды жүрек» атты челленджі ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 1-9 ақпаны аралығын қамтыған жыр керуеніне 18-35 жас аралығындағы кәсіподақ мүшелері қатысты.
Челленджде ақиық ақынның шығармаларынан 145 өлеңі жатқа оқылып, жасалынған бейнематериалдары фейсбук және инстаграм әлеуметтік желілеріне жарияланды.
Хан тәңірдің мұзбалағы атанған ақынның туындыларына арналған жыр эстафетасына қатысушылардың жұмыстары жинақталып, облыстық ұйымның аппарат қызметкерлері саралады.
Нәтижесінде белсенділік көрсеткен Панфилов аудандық филиалы және Текелі қаласы, №1 орта мектептің мұғалімі Ә.Серіков, Ескелді ауданы, Жалғызағаш орта мектебінің мұғалімі М. Орынтай, Талдықорған қаласы, Ломоносов атындағы №5 орта мектептің мұғалімдері Б.Күнесбек, Ш.Тілеумұхамбетке облыстық ұйымның Алғыс хаттары мен М.Мақатаевтың шығармалар жинағы табыс етілді.
Облыстық ұйымның төрағасы М. Төлепбергенов өлең өлкесінде шашасына шаң жұқтырмаған дарын иесі, ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған челленджге қатысқан барша ұстаздарға алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-