ЖАМБЫЛДАҒЫ КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН ЖИЫН
12 ақпан күні Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы Атқару комитетінің кезекті отырысын өткізді. Онлайн форматта өткен жиынға Тараз қаласы мен аудандық филиал жетекшілері, аймақтық құқықтық еңбек инспекторлары мен комитет мүшелері қатысты.
Жергілікті кәсіподақ төрағасы Е.Мағзымбековтың төрағалығымен өткен жиында облыстық ұйымның 2021 жылға арналған жұмыс жоспары қайта нақтыланды. Жұмыс жоспары ҚР кәсіподақтар федерациясының 2021 жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы» деп жариялануына байланысты бастауыш ұйымдардың беделі мен мәртебесін арттыруға, рөлін күшейтуге байланысты шаралармен, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз елдің ұлағаты ұстаздары» педагогикалық ұжымдар көркемөнерпаздары шығармашылығының фестивалі сынды бірқатар мазмұнды шаралармен толықтырылды.
Сондай ақ, жиын барысында есептіліктерді тапсыру сапасы, 2021-2023 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік актілеріне қол қою, мониторингтік тіркеу, мүшелік ұйымдарға жеткізу мен насихаттау; сала қызметкерлері-кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы өкілдерін 2021 жылы сауықтыру шараларының жоспары нақтыланды.
П.Бақыт,
Жамбыл облысы
-
Фотографии
-