ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
Биыл – алаш баласын шексіз қуанышқа бөлеген, арманымыз ақиқатқа айналған, іргелі ел, дербес мемлекет екенімізді əлемге жария қылған Тəуелсіздігіміздің ордалы 30 жылдығы. Осы жылдар бедерінде тағылымы мол, тамыры терең дəстүріміз жаңғырып, күллі əлемді аузына қаратқан, күн түбіне жортқан бабалардың ұрпағы ретінде Қазақ хандығынан Алтын Ордаға, Көк Түркке ұласатын ұлы тарихымыз ұлықталды. Барша түркі жұртының киесі – Күлтегін алтын айдарлы астана төріне қонды.
Бізде өз кезегімізде тарихы тереңге бойлаған халқымыздың дастанын насихаттау, әрбір азаматтың бойында патриоттық сезімді ояту, жастар саясатын жүзеге асыру және жас ұстаздарға шығармашылық қолдау көрсету мақсатында қызылордалық жас белсенді ұстаздармен кездесу өткізіліп, ұстаздардың жеке шығармашылығынан туындаған Тәуелсіздікке тарту өлең жолдарын тыңдалды. Кездесу соңында алдағы уақытта өткізілетін жұмыс жоспарлар мен ұсыныс-пікірлер ортаға салынды және жастарға еліміздің мәдениет саласында түрлі қойылымдар арқылы халыққа тарту жасап келе жатқан қаладағы Жастар театрының «Отырардың жасыны» тарихи драмасы тамашаланды.
Келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болсын!
Тәуелсіздігіміз жасай берсін!
-
Фотографии
-