КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Маңғыстау ауданының Жармыш орта мектебі ұжымы кәсіподақ өкілдерімен бас қосты. Жиналысқа облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Тарбия Байымбетова мен құқықтық қызметтер жөніндегі бас маман Наталья Храмова қатысты.
Жиналысты мектеп директоры С. Қапашов ашты. Мектептің 113 қызметкері кәсіподақ мүшелігінде, кездесуде олардың толғандырып жүрген көптеген сауалдарына нақты жауаптар берілді.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы мен алдағы бес жылға арналған Кәсіподақтарды дамыту стратегиясын жүзеге асыра отырып, Кәсіподақ филиалы әлеуметтік серіктестермен бірге қызметкеркерлердің әрқайсысының сенімділігі мен тұрақтылығын сақтауды мақсат ететіні айтылды. Бұған кепілдік ретінде ұжымдық шарттарға баса назар аударылды.
2021 жылды ҚР Федерациясының «Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы» деп қабылданғаны қаперге берілді. Сала қызметкерлері көкейде жүрген көп мәселелерін ортаға салды. Кездесу сындарды жағдайда өтті.
А.Шугурова,Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының
Маңғыстау аудандық филиалының төрайымы
Маңғыстау аудандық филиалының төрайымы
-
Фотографии
-