ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 27 қаңтар күні Салалық кәсіподақтың орталық аппаратының өкілдері кәсіподақ жұмыстарын нығайту мәселелері бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағында жұмыс сапарымен болды.
Олар алдымен Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Кәсіподақ жұмысын ілгерілету, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, ұйымдастыру жұмыстарын нығайту және қаржылық сұрақтар төңірегінде өткір сұрақтар көтеріліп, кәсіподақ қызметкерлерінің толғандырған сұрақтарына жауап берілді.
Бүгінгі таңда Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының филиал төрағалары мен еспепшілерінің қатысуымен онлайн форматта семинар-кеңес өткізу жоспарлануда.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының аппаратындағы әріптестерге әдістемелік көмек көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз.
Жезқазған аймақтық білім және ғылым
қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы
-
Фотографии
-