КӘСІПОДАҚТЫҢ ҚАРАТАЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖЫЛ ЖОСПАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ
«Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ Қаратал аудандық филиалы Атқару комитетінің отырысын өткізді.
Жиынды Қаратал аудандық филиалының төрағасы Б. Абақов жүргізіп, Атқару комитетінің күн тәртібімен таныстырды. Сонымен қатар Б.Нұртілеуұлы Қаратал аудандық филиалының 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады. Онда ұжымдық шарттың орындалуы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген жас мамандарды әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету, кәсіподақ мүшелеріне көрсетілген қайырымдылық көмек, сала қызметкерлерінің мерзімінде тегін медициналық тексеру және атқарылған жұмыстар туралы әлеуметтік желілерде жариялау сынды мәселелерді айтып, 2021 жылдың жұмыс жоспарын таныстырды.
Ауандық кәсіподақ филиалының бақылау-тексеру комиссиясының төрайымы Л. Асылбекова кәсіподақтың 2020 жылы орындалған қаржылық-шаруашылық жұмысының есебін жариялап, жаңа жылдың бюджетін бекітуді ұсынды.
Атқару комитетінің мүшелері еңбек заңнамаларының орындалуын қоғамдық қадағалау, әлеуметтік кепілдіктерді орындау, жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі, өндірістік кеңесінің жұмысын жандандыру мақсатында бірқатар ұсыныстарын білдіріп, қажетті қаулыларды қабылдады.
Жиын соңында М. Ғабдуллин атындағы мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жазира Қажиақпароваға Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы табыс етілді.
«Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ
Қаратал аудандық филиалы
-
Фотографии
-