АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Жастардың қоғамдағы белсенділіктерін арттыру мақсатында «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі жанынан жастар Кеңесін құрып, үшінші жыл қатарынан жас ұстаздармен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді.
Жас мамандардың құқығын қорғап, ұстаздардың өзара тәжіребие алмасуына жағдай жасап, түрлі шаралар ұйымдастырған Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы 16-35 жас аралығындағы педагогтардың мәртебесін көтеру үшін «Алматы облысы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесімен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Елдар Сапаров пен облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов жастарды (оның ішінде ұстаздарды) облыс көлеміндегі ауқымды шараларға қатыстырмақ ниетте және жас мамандар тарапынан туындаған өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге уағдаласып, 2021-2023 жылдарға арналған меморандумға қол қойды.
Қос тарап әлеуметтік серіктестік негізінде білім саласы қызметкерлерінің мүдделерін қорғауды, жұмыспен қамтуды, бірлескен ауқымды шараларды өткізуді көздеп отыр. Сонымен қатар тараптардың келісімімен жылдық жұмыс жоспары құрылып, мекемелерді толық ақпараттандыратын өкілдер бекітілді.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-