КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ
Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы Түпқараған филиалының кәсіподақ белсенділерімен кездесу өткізді.
Кездесуге аудандық мектепке дейінгі мекемелердің басшылары, тәрбиешілері мен қызметкерлері – барлығы 40 жуық кәсіподақ мүшесі қатысты.
Жиынды облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Т.А.Байымбетова жүргізіп, құқықтық қызметтер жөніндегі бас маман Н.С.Храмова кәсіподақ мүшелерінен түскен сауалдарға жауап берді.
Кездесу барысында педагогтардың жалақысы, мұғалімдерге біліктілік санатын беру, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, кәсіподақ жарналарын ұстаудың тәртібі және т.б.туралы мәселелер көтерілді. Сонымен бірге кәсіподаққа мүшелікке ынталандыру мәселелеріне де баса назар аударылды.
-
Фотографии
-