АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Маңғыстау облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы Атқару комитетінің отырысы өтті. Жиынға бірлестік төрайымы Т.Байымбетова, аудандық және қалалық кәсіподақ ұйымдары филиалдарының төрағалары, Атқару комитетінің мүшелері қатысты.
Санитарлық талаптардың сақталуымен өткен жиынның күн тәртібінде бірнеше мәселе талқыланды.
Кәсіподақтың ХІV съезінің шешімдерін іске асыру, құқықтық қызметті жетілдіру, кәсіподақ мүшелеріне тегін заңгерлік мек көрсету жөніндегі іс-шарлар жоспарының орындалу барысы туралы айтылды.
Сонымен бірге ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің онлайн отырысының күн тәртібінде қаралған мәселелер сөз болып, 2021 жылды Кәсіподақтың бастауыш ұйымының жылы деп жарияланғаны, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының бірыңғай қаржылық саясаты туралы т.б. мәселелерге пікір алмасты. Алдағы уақытта жоспарлы жұмыстарды қарқынды жүргізуге кеңестермен бірге тапсырмалар берілді.
Алқалы ұйым жыл бойғы жұмыстарды саралай келе Түпқараған, Маңғыстау аудандық және Жаңаөзен қалалық филиалдарына кәсіподақ қызметінің экономикалық сапасын одан әрі арттыру, жақсарту тапсырылса, Ақтау қалалық филиалы төрайымы Күнзира Еңсегенова мен Мұнайлы аудандық филиалының төрайымы Рита Текееваға жыл қорытындысымен кәсіподақ қозғалысында әлеуметтік экономикалық қызметте жоғары көрсеткіштерді көрсеткені үшін «Алғыс» жарияланды.
Кәсіподақ төрайымы Тарбия Анайбекқызы әріптестерін Жаңа жылмен құттықтап, кәсіподақ қозғалысына сәттілік тіледі.
Алқалы жиын барысында күн тәртібіндегі өзге де мәселелер қаралып, әр сұрақ бойынша тиісті қаулы қабылданды.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ
кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ