АРДАГЕР ҰСТАЗДАРДЫ ҰМЫТПАЙЫҚ, ҮЛГІ-ӨНЕГЕСІН ҰЛЫҚТАЙЫҚ!
«Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» дейді халық даналығы. Расымен де, өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беретін ұстаздар қашанда құрметке лайық.
Жаңа 2021 жыл қарсаңында Ақтөбе облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және білім басқармасы бірлесіп сала ардагерлерін құттықтады. Шектеу шараларының күшейтілуіне байланысты мерекелік шара ZOOM платформасында онлайн форматта ұйымдастырылды.
Ұлағатты ұстаздарды облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева мен облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Раушан Серікова құттықтап, оларға зор денсаулық, қажымас қайрат, жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен бақ-береке тіледі.
Ардагерлерге кәсіподақ тарапынан дайындалған жаңажылдықтар сыйлықтарды аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары тарту етті.
-
Фотографии
-