«ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ – КӘСІПОДАҚТЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ»
2020 жылдың 25 желтоқсан күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің ұйымдастыруымен «Еңбек қатынастарын реттеу-кәсіподақтың басты міндеті» тақырыбында онлайн режимінде Мұнайлы ауданы білім беру ұйымдары директорлары мен бастауыш кәсіподақ төраға-төрайымдарына отырыс өткізді.
Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымының төрайымы Т.Баймбетова мен құқықтық қызметтер жөніндегі бас маманы Н.С.Храмова білім қызметкерлерінің мүддесін қорғау, өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек нормаларын реттеу, пандемия жағдайында еңбекақы мәселелері және еңбек демалысы кезіндегі сауықтыру жәрдем ақысының дұрыс төленуі бойынша толық түсінік берді. Жыл бойы атқарылған іс-шаралардың қорытынды есебін таныстырды.
Отырыс барысында білім беру ұйымдары қызметкерлері қойған сұрақтарына тиісті жауаптарын алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Р.Текеева,Мұнайлы аудандық кәсіподақ
филиалының төрайымы,Маңғыстау облысы
-
Фотографии
-