АҚТӨБЕЛІК ПЕДАГОГТАРҒА 10 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНДІ
Ақтөбеде бірнеше жылдан бері білім беру мекемелерінің басшыларына, директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына мұғалімдік лауазымды қоса атқарғаны үшін сауықтыруға арналған жәрдемақы төленбей келген еді. Ақтөбе облысы, Темір аудандық салалық білім қызметкерлері кәсіптік одағы мен аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі арасындағы әлеуметтік әріптестік аясында аталған олқылықтың орны толтырылды.
Аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы ұстаздардың құқығын қорғап шықты. Нәтижесінде мектеп директорлары мен олардың орынбасарларына оқу жүктемелеріне сәйкес сауықтыру жәрдемақысы толық төленді. Аудан педагогтарына жалпы сомасы 10 214 000 (он миллион екі жүз он төрт мың) тенге қаражат аударылды.