СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БІЛІМ
Ақтөбеде «Сыбайлас жемқорлықсыз білім» атты облыстық байқаудың жеңімпаздары анықталды. Аталған шара дәстүрлі түрде Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің облыстық Департаменті, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы және қалалық білім бөлімімен бірлесіп ұйымдастырылып келеді.
Мақсат – өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу. Биыл байқауға қатысуға 80-нен астам мектеп мұғалімі мен оқушылар ниет білдірген. Әділқазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады.
Жеңімпаздарды Салалық кәсіподақтың Ақтөбе облыстық ұйымының төрайымы Раушан Серікова құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
-
Фотографии
-