КӘСІПОДАҚ – ҚОЛДАУШЫ ҰЙЫМ
Апат айтып келмейді. Жуырда Ақтөбе облысының, Ойыл ауданы, Қарасу негізгі мектебінің жас маманы, кәсіподақ мүшесі Халила Жолдығалидың үйі өртеніп кеткен болатын. Тілсіз жаудың салдарынан жапа шеккен ұстазға Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының мүшелері көмек қолын созды.
Құрман орта мектебі, Саға мектеп-балабақшасы, Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебі, Ойыл қазақ орта мектебі, Көсембай негізгі мектептерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдары қаржылай қолдау көрсетіп, қиын жағдайға тап болған жанға демеу болар жылы лебіздерін білдірді.
Сондай-ақ Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы, Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебі, Теректі, Тайсойған негізгі мектептері, Ш.Берсиев орта мектебі, «Айгөлек», «Балбөбек», «Әсем» , «Балдәурен» , «Асанәлі» бөбекжай бақшаларының ұжымы да қайырымдылық шарасынан тыс қалған жоқ.
Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Ізмағамбетова барша әріптестерге ризашылығын білдірып, ұстазға Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы тарапынан да қаржылай көмек көрсетілетінін жеткізді.
-
Фотографии
-