СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫ – КӘСІПОДАҚ НАЗАРЫНДА!
Жезқазған аумақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының мамандары жұмыс жоспарына сәйкес жыл сайын студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын қадағалау мақсатында қаладағы бірқатар оқу орындарының жатақханаларын, соның ішінде Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің және Жезқазған гуманитарлық колледжі студенттерінің жатақханасын аралайды.
Бүгінгі таңда, аталған оқу орындарында шалғайда орналасқан, интернет желісі жоқ ауылдық елді-мекендерден келген студенттер тұрып жатыр.
Биылғы жылы қаңтар айында Жезқазған аумақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының жетекші маманы Медет Ерназаров пен заңгер Дархан Жақыпбек әдістемелік көмек көрсету бойынша оқу ордаларына қоғамдық бақылау жүргізді. Студенттермен жеке әңгімелесіп, пікірлері ескерілді.
Жатақханалар санитарлық және антисептикалық құралдармен толығымен жабдықталған. Жатақханаларда медицина қызметкері тұрақты жұмыс істейді. Медициналық қорғаныш құралдары, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.
Өрт және тоқ қауіпсіздіктері талапқа сай. Шағын кемшіліктер жұмыс тәртібі бойынша дер кезінде қалпына келтірілді.
Жезқазған аумақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы әрқашан қаладағы оқу орындарының студенттерін назардан тыс қалдырмайды. Тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында өткен уақыттарда да студенттерге азық-түлік алуға қаржылай және құрал-жабдықтармен көмек көрсетілген. Алдағы уақытта да жұмыстар өз жалғасын табады.
Жезқазған аумақтық білім және ғылым
қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік
-
Фотографии
-