"ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ БИІКТЕ"
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Ақтау қалалық филиалы осындай тақырыпта облыстық мүшәйраның қалалық кезеңін (тәуелсіздікке арналған өлеңдерді мәнерлеп оқу) онлайн режимде өткізді.
Байқауда жалпы білім беретін орта мектеп ұстаздары мен балабақша қызметкерлерінің жұмыстары қатыстырылды. Қатысушылар арасынан жазба ақындар да кездесті.
Жалпы білім беретін орта мектеп ұстаздары арасынан 17 қатысушы өз жұмыстарын жіберген. Қатысушылар арасынан ІТ-лицейінің ұстазы, жас маман «Бас жүлдені» иеленді.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 17 қатысушының жұмысы қаралып, №42 «Түймедақ» балабақшасы тәрбиешісінің оқыған өлеңі жоғары бағаланып, Бас жүлдені иеленсе, №17 «Күншуақ» балабақшасының қатысушысы І орын жеңімпазы атанды.
Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйақы сертификаттары табысталды. Бас жүлде мен І орын жеңімпазы облыстық кезеңге жолдама алды.
Сәттілік тілейміз!
К.Еңсегенова,«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау
облыстық ұйымы» ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалының төрайымы
-
Фотографии
-