МАРАПАТ МЕРЕЙ ӨСІРЕДІ
Егемен еліміздің ең ұлық мерекесі Ақтөбе облысының, Әйтеке би ауданының ұстаздары үшін де қуанышты сәттермен есте қалмақ. Бүгін Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы З.Бекетов Т.Шевченко,Т.Шаңғытбаев атындағы орта мектептерінде, сондай-ақ «Балбұлақ», «Ақбөбек» мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында болып, ұжым мүшелерін мерекемен құттықтады.
Білім беру жүйесінде жемісті еңбек етіп, Тәуелсіздік тұғырын биіктетуге өлшеусізүлес қосқан педагогтар «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен және аудандық кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен марапатталды.
10 бірдей ұстазға кәсіподақ тарапынан «Юкон» емдеу-сауықтыру орталығына жолдама берілді.
Әйтеке би ауданындағы «Аққайың», «Балапан» мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына биыл - 10 жыл толды. Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген балабақшалардың мерейтойы да ескерусіз қалмады. Аталған мекеме тәрбиешілеріне облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы, аудандық кәсіподақ ұйымының Алғыс хаты және ақшалай сыйақылары табысталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын!
-
Фотографии
-