КЕЗДЕСУДЕ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР АЙТЫЛДЫ
2020 жылғы 14 желтоқсан күні «Nur Otan» партия фракциясынан Атырау облыстық мәслихат депутаттығына үміткер І.Баймұхановтың сенімді тұлғасы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Қ.Сүндетұлы Индер ауданы сайлаушыларымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.Жұртшылықпен және еңбек ұжымдарымен кездесу барысында тұрғындар мен жұмысшыларды сайлау науқанына белсене атсалысуға шақырып, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды және сайлаудың маңыздылығын түсіндірді.
Сонымен қатар сенімді өкіл облыстық мәслихат депутаттығына үміткердіңсайлауалды төңірегінде атқаратын жұмыстарын да атап өтті. Осы тұста «Nur Otan» партиясы елді мекендерді әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге, білім саласы қызметкерлерінің көкейкесті мәселелерін шешуде, жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй–коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ, өңірдегі қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі» жобаларын іске асыру бағыттары да айтылды.
Қ.Мырзахметова,М.Мөңкеұлы атындағы ортамектептің
бастауыш кәсіподақұйымының төрайымы, Атырауоблысы
-
Фотографии
-