"БУДУЩЕЕ ЧЕЛОВЕЧЕСТВА - БЕЗ НАСИЛИЯ"
Бүгін Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Еңбекші әйелдер істері жөніндегі Комиссиясы мен Кербұлақ аудандық филиалы бірлесіп, «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында кездесу ұйымдастырды.
Оған Алматы облыстық аналар кеңесі төрайымының орынбасары Ғ. Ақбасова, Кербұлақ АПБ-ң ӘЗЗҚТ инспекторы, полиция аға лейтенанты Д.Шалқарова, инспектор Ж.Жанақова және сала қызметкерлері қатысты.
Жиынды облыстық кәсіподақ ұйымының Еңбекші әйелдер істері жөніндегі Комиссияның төрайымы Ә. Ильясова жүргізіп, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ағымдағы жылдың 25 қарашасында өткізген Атқару комитетінің шешіміне сәйкес әйелдер істері жөнінде комиссияны құрғандығын жеткізіп, өңірлерде өз жұмысын бастағанын айтты. Сонымен қатар, педагогтардың еңбек, тұрмыс, демалу жағдайын жақсарту, ана мен баланы қорғау, еңбек саласында зорлық пен алымсақтықтан сақтау сынды мәселелерді енді құрылған комиссия жіті назарға алатынына тоқталды.
Облыстық аналар кеңесі төрайымының орынбасары Ғ.Ақбасова болса, отбасындағы ананың рөлі жайында сөз қозғап, бала тәрбиесіне ерекше мән беру керектігін баса айтты. Ал, Кербұлақ аудандық полиция аға лейтенанты Д. Бақытжанқызы отбасындағы кейкілжіндерге байланысты 70-ке жуық шағымдар түскенін айтып, оның шешілу жолдарын нақтылап берді.
Шара соңында «Қолдау» орталығының психологтары «Жақсы көңіл-күй жан тыныштығы» тренингін өткізіп, кездесуге қатысушыларды жайсыз жағдайларды бірлесіп жеңуге шақырды. Көпбалалы және жалғызбасты аналарға кәсіподақ тарапынан естелік сыйлықтар табысталды.
Ә.Нұрмұхамбетқызы,Еңбекші әйелдер істері жөніндегі Комиссиясының төрайымы,
Алматы облысы
-
Фотографии
-