ОБСУЖДЕНЫ ВОПРОСЫ ОХРАНЫ ТРУДА
Павлодар облысының, Тереңкөл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, техникалық инспекторларымен «Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың міндеттері мен құқықтары және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртібі" тақырыбында онлайн семинар өтті. Семинарға «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ құқықтық мәселелер жөніндегі бас маман Г.Джаркенова қатысты. Гүлшат Оралқызы өз сөзінде пандемия жағдайында білім беру қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың міндеттері мен құқықтары және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы айтты. Сонымен қатар, Павлодар ауданы Луганск ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі, Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор Ж.Оразова «COVID-2019 пандемиясы кезеңіндегі кәсіподақ ұйымдарының құқықтық жадынамасы» бойынша өзінің тәжірибесімен бөліссе, Щарбақты ЖОББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор Марина Николаевна Лось «Digital Kasipodak» мобильді қосымшасының авторлық жобасын қатысушылардың назарына ұсынды. Аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Омарова аудандық білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуы мен сақталуы жөнінде айтты. Еңбекті қорғау-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шараларды қамтитын еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірін, денсаулығын және еңбекке қабілеттілігін сақтау жүйесі болып табылады. Бұл мәселе әрқашанда кәсіподақ назарында.
А. Омарова,Тереңкөл аудандық білім қызметкерлері
кәсіподағының төрайымы,Павлодар облысы
-
Фотографии
-