ВСТРЕЧИ С ПЕДАГОГАМИ АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАВЕРШИЛИСЬ
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бастамасымен ағымдағы жылдың 16-26 қараша аралығында ұйымдастырылған ұстаздармен кездесулер өз мәресіне жетті.
Бейнебайланыс арқылы өткізілген шараға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаева, Алматы облысы білім басқармасының экономика және қаржы, бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің басшысы А.Маралбаева, облыстық Еңбек инспекциясы бойынша басқарманың құрылыс саласында еңбек заңнамасының бақылау бөлімінің басшысы, мемлекеттік еңбек инспекторы Е.Дәулетұлы және облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының өкілдері қатысты.
Жиынды Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Төлепбергенов жүргізіп, шараның мақсаты мен міндетін айқындады. Ол қашықтықтан оқыту кезінде ұстаздар тарапынан 500-ден астам арыз-шағымдар түскенін, оның 95 пайызы оң шешімін тапқанын жеткізді. Педагогтардың тегін медициналық тексеруден өтуіне және жылына бір рет берілетін коммуналдық төлемдерге қатысты толыққанды ақпарат берді. Сонымен қатар мұғалімдердің мәртебесін арттыру жолында атқарылатын алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды.
Онлайн форматтағы кездесуге білім беру мекемелерінің басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымының өкілдері мен белсенді ұстаздары, жалпы барлығы 750-ге жуық адам қатысты. Білім беру саласына қатысты мұғалімдерден 120-ға жуық сұрақ түсіп, толық жауаптары берілді. Кәсіподақ ұйымының жұмысын жандандыру мақсатында айтылған ұсыныстар да назарға алынды. Алдағы уақытта кәсіподақ ұйымы осы бағыттағы жұмысын жандандыра беретін болады.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-