МАСТЕР СВОЕГО ДЕЛА
Мұғалім – өзге кәсіп түрлеріне қарағанда, ең қиын, ең ізгілікті мамандықтардың бірі. Себебі басты міндет, ең құнды әрі маңызды мәселе – еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпаққа терең білім мен сапалы тәрбие беру.
Бауыржан Момышұлының: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген сөзі бар. Рас, ертеңгі ел тұтқасы болатын жас буынды тәрбиелеу міндеті бүгінгі ұстаздардың мойнында.
Білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шебері, кәсіби ұстаздар жетерлік. Солардың бірі – Ақтөбе облысының, Хромтау ауданы, Аққұдық орта мектебінің мұғалімі Сағидуллина Дәрігүл Саинқызы.
Сағидуллина Дәрігүл Саинқызы – математика пәнінің білікті мұғалімі. Білім беру саласында 27 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Білімді, білікті, жан-жақты маман. Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқушыларға сабақ берудың озық әдіс-тәсілдерін меңгеріп, әрдайым біліктігін арттырып отырады. Дәрігүл Саинқызы түрлі идеяларды, педагогикалық міндеттерді жаңаша шешуді талап ететін белсенділігімен ерекшеленеді. Оқушылардың білім деңгейін ескере келе оқытудың үлгісі мен тәсілдерін түрлендіре отырып, әр сабағын шығармашылықпен жоспарлайды. Екпінді оқушылармен де қосымша, жүйелі жұмыс жүргізіп,нәтижеге жеткізе біледі. Оқушылармен қарым-қатынас жасап, оларға талап қоя біледі.
Ұстаздың қайсар мінезі, жауапкершілігі, ақжарқын пейілі, қызметіне деген адалдығы жас мамандар үшін үлгі болары анық.
Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымы
қызметкерлері кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымы
-
Фотографии
-