В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОДОЛЖАЕТСЯ ВСТРЕЧА С ПЕДАГОГАМИ
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 16-20 қараша күндері Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Көксу және Қаратал ауданындарының ұстаздарымен онлайн кездесу өтті.
Оған Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева, облыстық Еңбек инспекциясы бойынша басқарманың құрылыс саласында еңбек заңнамасының бақылау бөлімінің басшысы, мемлекеттік еңбек инспекторы Еркін Дәулетұлы, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының өкілдері қатысты.
Бейнебайланыс арқылы өткізілген шараға білім беру мекемелерінің басшылары, бастауыш кәсіподақ өкілдері және белсенді ұстаздары қосылып, 500-ге жуық адам қамтылды. Білім беру саласына қатысты мұғалімдерден 90-ға жуық сұрақ түсіп, толық жауап берілді. Кәсіподақ ұйымының жұмысын жандандыру мақсатында айтылған ұсыныстар да назарға алынды.
Алдағы аптада онлайн кездесулер Панфилов, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары және облыстық ұйымға қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жалғасын табады. Түйткілді мәселелер қарастырылып, шешу жолдары талқыланатын болады.
-
Фотографии
-