«BEST PHYSICS PROJECT – 2020» ОПРЕДЕЛИЛСЯ ПОБЕДИТЕЛЬ КОНКУРСА
Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ бірлесе отырып физика пәні мұғалімдері арасында облыстық «Best Physics project – 2020» жас мамандар байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңын жүзеге асыру, талантты жас мұғалімдерді анықтау, жас педагогтарды зияткерлік және шығармашылық қызметтің жаңа түрлерін іздеуге ынталандыру және қолдау, үздік жобаларды анықтау, жас педагогтардың өз саласында кәсіби байланыс аясын, тәжірибесін және көзқарасын кеңейту, қазіргі заманғы жас мұғалім туралы қоғамда оң пікір қалыптастыру.
Байқауға облыстық, қалалық, аудандық білім беру ұйымдарының жас мамандары қатынасты. Қазылар алқасының шешімі нәтижесінде 1-дәрежелі дипломмен Атырау қаласы, М.Отаралиев атындағы орта мектептің мұғалімі Ә. Инаматов, 2-дәрежелі дипломмен Мақат ауданы, Х.Санбаев атындағы орта мектептің мұғалімі М.Жақсылықова, 3-дәрежелі дипломмен Атырау облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының мұғалімі Ш.Батырова марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.
«Ең үздік StartUp» жобасы аталымы бойынша Мақат ауданы Х.Санбаев атындағы орта мектептің мұғалімі М.Жақсылықова, «Lifehack» аталымы бойынша Жылыой ауданы, №1 жалпы орта білім беретін мектебінің мұалімі А. Нәсіпова арнайы алғыс хатқа ие болды. Атырау облыстық салалық кәсіподақ ұйымы жүлдегерлерге демеушілік көрсетті.
«Ұстаздық еңбек»