АКТЮБИНСКИЕ ПЕДАГОГИ ПОЛУЧИЛИ ПРАВОВЫЕ КОНСУЛЬТАЦИИ
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы А.Алимпиев, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөнінде маман Н.Жетпісбай 2020 жылдың 13 қарашасында «ZOOM» платформасы арқылы Темір ауданының оқу ұйымдары қызметкерлеріне онлайн құқықтық кеңестерін берді.
Қашықтықтан өткен кездесуге ауданның мектептері, мектепке дейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдары басшылары, кәсіподақ көшбасшылары мен қызметкерлері қатысты. Қатысушылар тарапынан мүгедектік куәлігі бар қызметкерлерге тағайындалатын жеңілдіктер, біліктілігіне қосымша ақы төлеу тәртібі, мектепке дейінгі білім беру мекемесінде қызмет атқарып жүрген музыка жетекшісінің апталық жүктеме сағаты, мұғалімдердің сенбі күнгі жұмыс режимі және т.б сұрақтар қойылып, оған нақты жауаптар берілді.
Қазіргі әлемде қалыптасқан жағдайда еңбек заңдылығының бұзылмауы, білім қызметкерлерінің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңестер берілді, құқықтық көмектер көрсетілді.