КОЛЛЕДЖДЕГІ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ
Жамбыл политехникалық жоғары колледжі – 60 жылдан аса тарихы бар, облыс экономикасының түрлі салаларына қажетті ІТ, техникалық, технологиялық, туризм бағыттары бойынша жұмысшы, орта буын, қолданбалы бакалавриат мамандарын даярлайтын оқу орны. Колледждегі 3000 жуық студентке 487 профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер кәсіби қызмет көрсетеді. Бүгін колледж әкімшілігі мен бастауыш кәсіподақ ұйымының сұранысы бойынша кәсіподақ басшылығы мен заңгерлерінің колледж қызметкерлерімен кездесуі өтті.
Кездесуге Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Біріккен комитетінің төрағасы Жанболат Орынбеков, Жергілікті облыстық кәсіподақ ұйымының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Әлия Жолшыбекова, колледж директорының міндетін атқарушы Сәуле Анарбекова бастаған 50 жуық колледж қызметкері мен оқытушылары қатысты. Санитарлық талаптардың сақталуымен өткен жиынды колледждің кәсіподақ ұйымының төрайымы Лейла Есентаева ашып, жиынның мақсаты - білім беру ұйымы қызметкерлерінің құқықтарын қорғау және еңбектерін ұйымдастыру сұрақтарын түсіндіру екендігін атап өтті.
Кездесу барысында кәсіподақ мүшелері-сала қызметкерлеріне облыстағы шектеу шаралары белгіленген уақытта еңбек ақы төлеу ерекшеліктері, педагогтарды аттестаттау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Кездесуден кейін Біріккен комитеттің төрағасы кәсіподақ мүшелеріне құқықтық кеңес беру мақсатында жеке қабылдау өткізді.
Әлия ИГЕНБАЙ,
ЖАМБЫЛ облысы
-
Фотографии
-