ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ – БАСТЫ ҚҰЖАТ
Бүгін «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Қаратал аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес филиал төрағасы Берік Абақов Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды.
Онда жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында жасалынған ұжымдық шарттың орындалу барысы туралы мектеп директоры Ляззат Испанова пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Светлана Гончарованың есебін тыңдады.
2018-2020 жылға арналыпжасалған ұжымдық шарт Алматы облыстық еңбек инспекциясында бекітілген. Мекемеде жұмыс істейтін 110 қызметкердің барлығы кәсіподақ мүшелігінде. Лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес барлық жұмыскермен жеке еңбек шарты жасалған. Еңбекақы төлеу және еңбек нормаларын сақтау туралы мәселелер бастауыш кәсіподақ ұйымының жиналыстарында қаралған. Кәсіподақ ұйымының төрағасы Светлана Гончарованың айтуынша, ұжымда соңғы бір жылда кәсіподақ мүшелері тарапынан ешқандай арыз түспеген. Ұжымдық шартта көрсетілген тармақтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде еңбек адамының құқығы толық қорғалып отыр.
Қаратал аудандық филиалының төрағасы Берік Нұртілеуұлы еңбек ұжымында 35 жыл еңбек өтілі бар бастауыш сынып мұғалімі Жамиля Ауелбекова мен кітапхана меңгерушісі Светлана Рыжаковаға Қаратал аудандық филиалының Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарын табыс етіп, құрметті еңбек демалысына шығуымен құттықтады.
"Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің
кәсіподақ ұйымы" ҚБ Қаратал аудандық филиалы
-
Фотографии
-