АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ ЖАҢА МҮШЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ
Алматы облысында білім беру ісінде ұзақ жылдар қызмет етіп, бүгінгі күні құрметті еңбек демалысына шыққан 40 мыңнан аса сала ардагері бар. Олардың берген тәлімі мен тәрбиесінің арқасында аймағымыздағы 760 білім беру мекемесінде 42 мыңға жуық ұстаз қызмет етуде.
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы осы салада жұмыс істеп жүрген қызметкерлерінің құқығы мен мүддесін қорғауда бірқатар жұмыстар атқарды.
2018 жылы ардагерлер мен жас мамандар арасында ұрпақ сабақтастығын жалғастыру мақсатында облыстық ұйым жанынан педагогикалық еңбек ардагерлері Кеңесін құрып, белсенді ардагер ұстаздарды бір ортаға шоғырландырған болатын.
Аудандық, қалалық филиалдар бұл бастамаға қолдау танытып, түрлі шаралар, кездесулер ұйымдастырып, ұстаздардың мәртебесін арттыру жолында ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Қоғамда кәсіподақтың беделін арттыруға ықпал еткен педагогикалық еңбек ардагерлерінің құрамына өзгеріс енді. Алматы облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Төлепбергенов ұстаздық қызметті абыроймен атқарған Мықтыбек Рақымбекұлы, Равиль Хамитов, Рахымбек Төлендинов сынды беделді азаматтардың жұмыстарын жоғары бағалап, Кеңес құрамына салтанатты түрде қабылдап, куәліктерін табыс етті.
Ардагерлер өздерінің ұсыныстарын айтып, алдағы жұмыс жоспарларын пысықтап, артылған сенімді ақтайтындарын жеткізді.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-