ОЛАР – «ҮЗДІК ӘДІСКЕРЛЕР»
Атырау облысы Білім беру басқармасына қарасты қалалық және аудандық білім беру бөлім әдіскерлері арасында «Үздік әдіскер» облыстық байқауы өтті. ІІ кезеңнен тұратын байқауға алдыңғы сынақтардан өткен Атырау қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің 6 әдіскері қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Атырау қалалық білім бөлімінің әдіскері Ләззат Тулепова «Үздік әдіскер» атанды. ІІ орынды Құрманғазы аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Айжамал Арыстанова, ІІІ орынды Индер аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Гүлнұр Даутова иеленді. Байқаудың барлық қатысушылары Әдістемелік орталықтың дипломдарымен, Алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар Қазылар алқасының құрамында сайыскерлердің кәсіби қызметіне баға берген «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Қылышбай Сүндетұлы байқаудың 3 жеңімпазына республиканың емдеу-сауықтыру орындарына тегін жолдама табыстады.
Аталмыш сайыс байқауға қатысып, тәжірибелерімен бөліскен әріптестеріміздің кәсіби өрлеуіне, шеберліктерін ұштауға үлкен көмек болды.
«Ұстаздық еңбек»
-
Фотографии
-