ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 20 қазан күні «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ Панфилов аудандық филиалы Атқару комитетінің кезекті отырысын өткізді. Күн тәртібінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы ұжымдық шарттың орындалуы, сондай-ақ қаржылық жұмыстардың барысы туралы екі мәселе қаралды.
Жиынды аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы М.Тұрлыбеков жүргізді.Шара барысында Крылов, Елтінді батыр, Розыбакиев атындағы орта мектептердің және «Бөбек», «Саяхат» балабақшаларындағы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары М.Үркімбаева, М.Мухамедин, Г.Джакибаева М.Кадырова, Ш.Сеткулова - ұжымдық шарттың орындалу барысы туралы баяндады. Ұжымдық шарттағы кәсіподақ мүшелерінің құқықтары, ішкі еңбек тәртібінің ережесі, кәсіподақ қызметкерлерінің кепілдіктері, кәсіподақтың міндеттемелері сынды бірқатар ақпарат айтылды. Сонымен қатар, Қастеев атындағы, Ават, Үлкеншыған орта мектептерінен және «Шұғыла», «Шамшырақ» балабақшаларынан бақылау-тексеру комиссиясының төрағалары Р.Омарбеков, А.Думекова, Н.Оспанова, Г.Калиева, М.Молдрахманова бастауыш кәсіподақ ұйымындағы қаржылық жұмыстардың барысы туралы айтты.
Қаралған мәселелер туралы Атқару комитетінің мүшелері қажетті шешімдерді таныстырып, бірауыздан қабылдады.
Ұлжан Нұрбай,Панфилов аудандық кәсіподақ филиалының маманы,
Алматы облысы
-
Фотографии
-