КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Жұмыс орындарында кәсіподақ мүшелерінің қауіпсіздік ережелерімен танысуы және сақталуына бақылау жүргізу еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспекторлардың міндеті.
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бас маманы М. Жұмабек пен облыстық техникалық инспекторы Д. Шакенов Ескелді аудандық техникалық инспекторының жұмысымен танысты.
Бақтыбай ауылындағы Б. Жолбарысұлы атындағы орта мектебіне барып, тәжірбие алмасты. Рамиль Хакимұлы қоғамдық жұмыстағы 16 жылдық тәжірбиесімен бөлісіп, білім беру мекемесіндегі химия, физика, информатика, технология, алғашқы әскери дайындық сынды пәндерінің оқу кабинеттерінде қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттармен толық қамтылғанын айтып, құжаттардың дұрыс рәсімделу ретін көрсетті. Жылу маусымына дайындық жұмыстары уақытында аяқталып, мекеменің ішкі температурасы талапқа сай реттелгенін,
сонымен қатар білім беру мекемесі жасаған жылдық жоспарға сәйкес бірқатар шаралар өткізілгенін атап өтті.
Бұл орайда мектеп әкімшілігінен басқа қызметкерлердің барлығы қашықтықтан жұмыс істеп жатқанын жеткізді.Облыстық ұйымның өкілдері Рамиль Хакимұлының жұмысын жоғары бағалап, ұсыныстарды пысықтап, өзара пікір алмасты.
Алматы облыстық білім жәнеғылым қызметкерлері
кәсіподақұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-