ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
Қызылорда облыстық білім кәсіподағы жанындағы Жастар Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Отырысқа облыстық білім кәсіподағы комитеті төрағасының орынбасары Н.Өтегенова және қалалық, аудандық Жастар Кеңесінің төрағалары қатысты.
Маңызды мәселелердің бірі ретінде 2-қыркүйекте өткен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының XXVI съезі туралы ақпарат берілді. Себебі, Съезге Салалық кәсіподақ мүшелігі қатарынан жас ұстаздар делегат ретінде қатысқан болатын. Жастар Кеңесі мүшелерінің назарына Федерацияның XXVI Съезінің стратегиясы, алға қойылған негізгі мақсат-міндеттері таныстырылды.
Сонымен қатар, жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Жастар Кеңесі байқауын өткізу, жас ұстаздарға арналған семинарлар ұйымдастыру жайлы түрлі мәселелер қаралды. Жастар кеңесінің қалалық, аудандық төрағалары өзіндік ойларымен бөлісіп, аймақтардағы атқарылған жұмыстардың қорытындысын талқылады.
Отырыс өте нәтижелі, әрі пайдалы өтті.Жұмыс жоспарына сәйкес 1 желтоқсан - тұңғыш Президент күні қарсаңында «Үздік жастар кеңесі» байқауынының жеңімпазы анықталмақ.
-
Фотографии
-