БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ
Еліміздің болашағы – бүгінгі бүлдіршіндер. Олардың жақсы білім мен тәрбие алуы білім саласының қызметкерлеріне тікелей байланысты. Осыған байланысты мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік пен күрделі міндеттер артылған.
«Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ Талдықорған қалалық филиалының төрағасы Нариман Естібаев облыс орталығындағы №14 мемлекеттік және «Қатия апа» жекеменшік балабақшаның еңбек ұжымдарымен кездесті.
Жиын барысында сала қызметкерлеріне Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс- қимыл кезеңі» атты Жолдауы таныстырылып, ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңы аясындағы тәрбиешілердің құқығы мен міндеттері туралы сөз қозғалды. Кейбір өзекті мәселелердің шешу жолдары қарастырылды.
Кездесу соңында тәрбиешілер өзара пікір алмасып, балабақша жұмыстарын жоғарғы деңгейде ұйымдастыруға қатысты идеяларын талқылады.
Алматы облыстық білім жәнеғылым қызметкерлерінің
кәсіподақ ұйымы» ҚБТалдықорған қалалық филиалы
-
Фотографии
-