КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА - 80 ЖЫЛ
Осыған орай Шиелі индустриалды аграрлық колледжінде кәсіп иелерін, іскер мамандарды дайындауға сүбелі үлес қосып келе жатқан білім ордасының ұлағатты оқытушыларын марапаттау шарасы өткізілді. Шараға Шиелі ауданы әкімі Қ.Мүбәрәк және Салалық кәсіподақтың Қызылорда облыстық комитетінің төрағасы Г.Есқалиева қатысып, колледж оқытушыларына ҚР Білім және ғылым министрінің, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Құрмет грамоталарын, Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатын табыстады.
Гүлнар Бабабекқызы өз кезегінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі «Үздік техникалық инспекторы» Республикалық байқауының І орын жеңімпазы - коледждің техникалық инспекторы Әбдірахманова Гүлмира Ермаханқызына салалық кәсіподақ грамотасын және 250000 теңгелік сертификатын табыс етіп, әлеуметтік әріптестікті дамыту сала қызметкерлерінің еңбек құқықтарын тиімді қорғаудың кепілі екенін атап өтті.
Білім саласының қызметкерлеріне жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту саласында жастардың техникалық қабілетін арттырудағы еңбектеріне алғыс білдірді.
Қызылорда облыстық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіподағы
-
Фотографии
-