«ӨЛЕҢГЕ ӘРКІМНІҢ-АҚ БАР ТАЛАСЫ...»
Осындай атауменІ. Жансүгіров атындағы Жетісу университетініңТәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімі мен университет кәсіподағының ұйымдастырумен ағымдағы жылдың қазан айының 1-12 күндерінде оқытушы-профессорлар және қызметкерлер арасында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай онлайн байқау өтті. Байқауға 30-ға жуық өтінім түсіп, 12 жұмыс іріктеліп, дауысқа салынды.
Дауыс беру нәтижесінде үшінші және екінші орындарды жаратылыстану факультетінің оқытушылары Мейрамбек Әділет пен Мансұр Тоқанов өзара бөліссе, бірінші орынды гуманитарлық факультеттің жас маманы Алима Ғалымова иеленді. Екінші, үшінші орын иегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталып, бірінші орын алған А.Ғалымоваға «Жаркент-Арасан» медициналық сауықтыру кешеніне жолдама табысталды.
І. Жансүгіров атындағы Жетісууниверситетінің
кәсіподағыАлматы облысы, Талдықорған қаласы
https://youtu.be/jTuiIwk1eQ8
-
Фотографии
-