БАСТАУЫШ ҰЙЫМ-БАСТЫ ТІРЕК
Елбасының «Кәсіподақ әрқашан жалдамалы жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын ықпалды ұйым ретінде болған және болады да» деген сөзі кәсіподақтарға білдірілген зор сенім.
Қоғамдық ұйымның жұмысының пәрменді болуы оны басқарып отырған көшбасшысына байланысты. Қоғамда болып жатқан өзгерістерден шет қалмай ұстаздар қауымы мен жастардың әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғауда еліміздегі заң аясына сәйкес әлеуметтік әріптестіктің үлгісін көрсетіп, ұстаз игілігіне өз күш жігерін жұмсап жүрген қоғамдық ұйым - БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ. Кәсіподақтың жұмысы да бастауыш кәсіподақ ұйымынан басталады.
Бүгін 10 қазан - Қазақстан кәсіподақтары күніне орай білім және ғылым қызметкерлерінің Қызылорда облыстық кәсіподақ комитеті құрылымындағы университет, колледж, оқу орталықтары, интернат және оңалту орталықтарының бастауыш ұйымдары төрағаларының қатысуымен құттықтау шарасын өткізді. Шара барысында білім саласында үздіксіз қызмет атқарып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан бір топ бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағалары Қазақстандық салалық кәсіподақ комитетінің «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, Құрмет Грамотасымен, облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет Грамоталарымен марапатталды.
-
Фотографии
-