Кәсіподақтар күніне арналған жиын
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22 мамырдағы № 303 қаулысымен Қазақстан кәсіподақтар күні – 10 қазан болып мерекелік күндер қатарына енгізілген болатын.
Кез - келген кәсіптік одақтың күш-қуаты оның бастауыш ұйымдарының қандай болуына, олардың әрбір еңбекшінің құқықтары мен мүдделерін тиімді де белсенді түрде қорғалуын қамтамасыз етуіне тікелей байланысты.Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлі мен беделін, олардың қызмет тиімділігін арттыру мәселелері ерекше маңызды екені баршамызға мәлім. Осы орайда «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің Мұнайлы аудандық кәсіподақ филиалының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының бастауыш кәсіподақ төраға-төрайымдарын мерекемен құттықтау мақсатында отырыс өткізілді.
Отырысқа 25 бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері қатысты.Жиын Мұнайлы аудандық кәсіподақ төрайымының есеп беруімен басталып, іс-шараларға атсалысып жүрген белсенділерді марапаттаумен және сыйлық табыстаумен аяқталды.
Р.Текеева,Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы ҚБ-нің Мұнайлы аудандық филиалының төрайымы
-
Фотографии
-