КӘСІПОДАҚ - ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚОРҒАНЫ
10 қазан – Қазақстан Кәсіподақтары күні. Кәсіби мереке биыл ҚР Кәсіподақтар федерацияциясының 30 жылдығымен тұспа - тұс келіп отыр. Мерейлі мереке қарсаңында Ақтөбеде жиын ұйымдастырылды.
Салтанатты шарада ҚР КФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин мен Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалиннің құттықтаулары оқылды.
Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев ең іргелі қоғамдық ұйымға облыста 131 мыңнан астам адам мүше екенін, әрі кәсіподақтар қатары жыл сайын толығып отырғанын атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырдағы ҚР КФ 26-шы съезіндегі құттықтауында атап көрсетілгендей, кәсіподақтар бүгінде қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға үлес қосатын азаматтық қоғамның белсенді өкілі ретінде көп істердің көшбасында тұруы тиіс» - деген орталық төрағасы жиынға қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хат табыстады.
Еңбек адамының мүддесін қорғау және кәсіподақ қозғалысын дамытудағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Раушан Серікова облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің алғыс хатымен марапатталды. Қоғамдық бірлестіктің өзге де мүшелері Кәсіподақтар орталығы төрағасының қолынан алғыс хат алды.Өңірдегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мерекелік медальға ие болды.Салтанатты шара барлық санитарлық талаптарға сай өткізілді.
-
Фотографии
-