ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ
Қазақстан кәсіподақтар күні қарсаңында «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы А.Алимпиев, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөнінде маман Н.Жетпісбай «ZOOM» платформасы арқылы Ақтөбе облысының, Мұғалжар ауданының оқу ұйымдары қызметкерлеріне онлайн құқықтық кеңестерін берді.
Қашықтықтан кездесуге ауданның мектептері, мектепке дейінгі оқу мекемелері мен қосымша білім беру мекемелері басшылары, кәсіподақ көшбасшылары мен қызметкерлері қатысты. Қатысушылар тарапынан 1,5 ставкадан артық жұмысқа ақы төлеу, кітапхана және медицина қызметкерлеріне қатысты жалақыны өсіру және т.б сұрақтар қойылып, оған нақты жауаптар берілді. Қазіргі әлемде қалыптасқан жағдайда еңбек заңдылығының бұзылмауы, білім қызметкерлерінің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңестер берілді, құқықтық көмектер көрсетілді.
-
Фотографии
-