Халықаралық еңбек күніне және Ұстаздар күніне орай атқарылған шаралар
Елімізде «Халықаралық еңбек күні» қыркүйек айының соңғы аптасы болып белгіленгендіктен және «Ұстаздар мекесі» қазан айының бірінші аптасы болғандықтан, мемлекеттік саясатты одан әрі дамыту барысында, Елбасымыздың ұстанған сарабдал саясатымен алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру үрдісін жалғастыру барысында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ – нің Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен спорттық шаралар мен қатар қашықтықтан концерттік бағдарлама өткізілді.
Қашықтықтан өткізілген концертте білім беру ұйымдарының жас педагогтері аудан ұстаздарына өз өнерлерін тарту етті. Аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарып отырған Г.Мурадалиева білім беру ұйымдарыындағы қызметкерлер мен қатар ардагер ұстаздарды мерекемен құттықтады.
Еңбек күні мерекесі – қарапайым еңбеккерлердің, жұмысшылардың мерекесі, өйткені қарапайым еңбек адамының әлеуметтік жағынан толық қамтылып, еңбек құқықтарының сақталуы - оның алаңсыз жұмысын істеуінің, еңбегінің нәтижелі болуының бірден-бір кепілі.
Жұмысшылардың осы игіліктерге ие болуына кәсіподақ ұйымы мүдделі екендіктен беру ұйымдарындағы қызметкерлердің жұмыс жасауына ыңғайлы жағдай туғызу мақсатында әр бір бастауыш ұйымға 28 дана су қую құрылғысы (деспенсер) мен түрлі-түсті қағаз шығаратын принтер, есеп бөліміндегі есепшілерге - 28 дана жарға арналған сағат аудандық кәсіподақ қаражатынан тарту етілді.
Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері арасында спорттық волейбол жарысы ұйымдастырылды. Әрбір топтың жанкүйерлері әрбір қатысушыға қолдау көрсете шабыттандырып, ойынның қызықты өтуіне атсалысты.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау
облыстық ұйымы ҚБ-нің Мұнайлы аудандық филиалының төрайымы Р.Текеева»
-
Фотографии
-