ОБЛЫСТЫҚ ИНСПЕКТОРЛАР БАС ҚОСТЫ
Бүгін Дүниежүзілік лайықты еңбек үшін әрекет күні. Осыған орай, Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы аудандық, қалалық филиалдардың төрағалары, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі инспекторларының қатысуымен бейнебайланыс арқылы жиын өткізді. Шараның мақсаты - кәсіподақ тарапынан қызметкерлердің құқығын қорғау, еңбек заңнамаларының насихаттау және барлық еңбек адамдарын сапалы және қауіпсіз жұмыс орындарымен қамту, әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету болып табылады. Аталған жиынның күн тәртібінде қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтауды тексеру, жұмыс орындарын сақтау және қауіпсіздік еңбек жағдайын жасау, қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Жиын барысында облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов атаулы мерекемен барша кәсіподақ өкілдерін құттықтап, шараның маңыздылығы мен қажеттілігіне тоқталды. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы ұйымдастырған «Үздік техникалық инспектор» байқауына белсене қатысқаны үшін Баймолда Ғани Тұрсынғалиұлына грамота мен сыйақысын табыс етті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кәсіподақ ұйымының заңгері Ақерке Мұсабекова, Кербұлақ, Панфилов аудандарының және Талдықорған қаласының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлары Ғани Тұрсынғалиұлы, Гүлнар Қонырбаева, Халық Бөгенбаевтар баяндама жасап, атқарған жұмыстарымен бөлісті. Шара соңында қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға кәсіподақ өкілдері жан-жақты жауап беріп, өзара пікір алмасты.
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-