БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
БҚО, Қаратөбе ауданында Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен мектеп басшыларымен кездесу өтті.
Шараға Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев, әлеуметтік әріптестік ретінде Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының өкілі Гүлжанат Құрманғазиева қатысты.Кездесу барысында департамент басшысы Гулнара Сәрсенғалиева жәнеБілім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Ақмарал Құсайынова жиынға қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, Қаратөбе ауданының білім беру ұйымдарының бейне камералармен жабдықталуы бойынша техникалық базасына жүргізілген мониторинг туралы мәлімет берді.
Сонымен қатар, Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Батырхан Төлегенов және Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Сағынбек Жұмагереев білім саласындағы нормативтік – құқықтық актілерге енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға кеңінен тоқталып, кейбір қаулыларға қатысты сұрақтарға жауап берді.
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы, заңгер Гүлжанат Құрманғазиева Қаратөбе ауданының 8 ауылдық мектептеріне жүргізілген қоғамдық бақылау жұмыстары барысындағы еңбек заңдылықтарының сақталуы мен орындалуына тоқтала отырып, ұжымдық шарттардың жасақталуы мен оларға енгізілген толықтырулар мен өзгертулердің тараптар қол қойған күннен бастап бір ай ішінде мониторинг үшін еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға ұсынулары қажеттілігін түсіндірді. Еңбек қатынасына байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді.
Ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында өткен шарада бірқатар мұғалім Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің атынан алғыс хаттармен марапатталды.Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев өз сөзінде кәсіби мереке «Ұстаздар күнімен» құттықтап, келген қонақтар мен шараға қатысушыларға алғысын білдірді.
БҚО Білім және ғылым
қызметкерлерікәсіподағы
-
Фотографии
-