Біз еңбек ардагерлерін құрметтейміз
Еңбек күні Қазақстанның күнтізбесіндегі ең жас мерекелердің бірі.
Елбасының 2013 жылы 22 қазандағы №698 Жарлығымен Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясын нығайту шеңберінде қыркүйектің соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып белгіленді.
Жыл сайын атап өтілетін бұл мереке Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінде дәстүрге айналғанына да біраз жылдар болды. Еңбек адамына деген құрметті насихаттау, еңбегін бағалау, келер ұрпаққа үлгі ретінде ұсыну – кәсіподақтың кезекті жұмыстарының бірі.
Жұмыскердің еңбегін бағалап, ерекше ілтипат жасау әрбір ұжым басшысының басты міндеті. Еңбек ету – адам баласының рухани дамуына ықпал ететін ерекше күш. Табандылығымен, адал еңбегімен нәтижеге қол жеткізген қызметтесіңнің мерейін көтеру, еңбегін келер ұрпаққа үлгі етіп, еңбек адамына деген сенімнің артуын, ұжымдағы сыйластықты қалыптастыру деген сөз. Білім саласында еңбек етіп жүрген кәсіподақ мүшелерін дәріптеп, еңбегінің жемісін елге үлгі етіп, еңбегімен еленіп жүрген қызметкерлерді мереке қарсаңында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен бірлесіп әріптестерімізге бағалы сыйлықтар тапсырып, құрмет грамотасымен марапаттады. Білім саласында еңбек етіп жүрген кіші қызметкерлерге мереке қарсаңында сый – сияпат жасалынды. Көзге елене бермейтін жұмыс атқарып жүрген кіші қызметкерлер білім саласындағы тазалықты сақтауда, мектеп мүлкінің ерекше күтімде болуына үлес қосып жүрген қызметкерлердің бірі. Олардың еңбектері ерекше. Елімізде болып жатқан уақытша жағдайға байланысты құрметтеу мен дәріптеулер онлайн режимінде өтілді. Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Диана Абайқызы белсенді кәсіподақ мүшелерін «Оқу әдістемелік орталығында» ерекше құттықтады.
Еңбек адам өміріндегі қажетті материалдық, рухани және басқа құндылықтарды құруға бағытталған адамның іс - әрекеті болып табылса, еңбектің зейнетін көру, егде жасқа жету адам өміріндегі табиғи ерекшеліктің бірі. «Қариясы бар ел – қазыналы ел» демекші жастар үшін қарттардың еңбегін бағалау, олардың мемлекеттің дамуына қосқан сан қырлы үлесін білу, қарттықты құрметтеу игі дәстүрге айналған қазақи қасиет. Жыл сайын Қазақстанда 1-ші қазан «Халықаралық қарттар күні» деп аталып өтілетіні баршамызға белгілі. Мазмұны ұқсас қос мереке кәсіподақ комитетінде бірге тойланды. Әрбір жаңа буын үлкендердің даналығынан, олардың тәжірибесі мен адамгершілік қасиеттерінен үлгі алады. Соғыс жылдарында өздерінің ерліктерімен Отанды қорғап, қаншама қиындықтарды, аштықты басынан кешірді. Соғыстан кейінгі жылдары халық шаруашылығын қалпына келтіруге, өз еңбектерімен экономиканың дамуына үлестерін қосты. Олар жас ұрпақтар алдында өз борышын өтеуде аянбай еңбек етті. Бүгінгі күні қарттарға көрсетілген құрметпен қамқорлық еліміздің дамуына жасалып жатқан оң қадамдардың бірі. Еңбегімен еленген, білім саласында көп жылдар қызмет жасап, ұрпақтарымызды тәрбиелеуде тер төккен құрметті демалыста, еңбегінің жемісін көріп отырған қарт ұстаздарымызды естен шығармай, мереке қарсаңында шаңырақтарында болып, қаржылай, заттай сый – сияпаттар табысталды. Әрбір шаңырақтың қала берді дүйім елдің ұйытқысы бола білген көнекөз қарияларымыздың ортамызда орны ерекше. Ел ішінде татулық пен берекенің, даналық пен парасаттылықтың үлгісі бола білген қарттарын қазақ жұрты ежелден құрметтеген. Қазақтың қарты жасына лайық аузы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді. Осындай теңеуге лайық қарияларымыз аман сау болсын. Қатар келген қос мереке қарт ардагер ұстаздарымыздың шаңырағында жалғасты. Кәсіподақ ұжымы мереке қарсаңында ардақты ағаларымызбен, апаларымызды айтулы күнмен құттықтап, оларға зор денсаулық, ауырмай ұзақ өмір сүрулерін тіледі.
Қатар келген қос мереке өткенімізбен болашағымыздың «Алтын көпіріндей» жыл сайын аталып өте берсін.
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподақ комитетінің маманы М.Кенжебаева
-
Фотографии
-