Талдықорған қалалық филиалының төрағасы сайланды
Бүгін «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі Талдықорған қалалық филиалының кезектен тыс ІІІ Конференциясы өтті.
Кезектен тыс конференцияның күн тәртібінде «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ Талдықорған қалалық филиалы төрағасын сайлау туралы» мәселе қаралды.
Конференцияның жұмысына Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов, төраға орынбасары Болат Тұрысбеков және қалалық филиалға қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан сайланған 25 делегат қатысты.
Алқалы жиынды қалалық филиал төрағасының міндетін атқарушы Нариман Естібаев жүргізіп, жұмысшы органдарды бекітті.Облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Құлмұханұлы өз сөзінде қоғамдық бірлестіктің атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, алдағы мақсаттары мен міндеттерін айқындады.
Сонымен қатар, кәсіподақ филиалының жұмысын жандандыру үшін облыстық ұйымның тарапынан Нариман Естібайұлының кандидатурасын ұсынды.Конференция делегаттары бір ауыздан Нариман Естібаевты қолдап, «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ Талдықорған қалалық филиалының төрағасы ретінде сайланды.
Жаңадан сайланған филиал төрағасы конференцияға қатысып, жауапкершілік таныпқан барша делегаттарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Облыстық ұйымның төраға орынбасары Болат Тұрысбеков және № 26 орта мектебінің техникалық инспекторы Қанатбек Намазбаев барша кәсіподақ мүшелері атынан жаңадан сайланған филиал төрағасын құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-