Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашева Қарағанды облысына жұмыс сапарында қаладағы мектеп-лицей ұжымымен кездесті
25.09 күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрайымы Айгүл Мұқашеваның және облыстық кәсіподақ активінің мектебімізге жұмыс сапарымен жолы түсті. Қонағымыз мектебіміздің тыныс-тіршілігімен толық танысып, мектеп жылнамасына жылы лебізі мен қолтаңбасын қойды. Және де мектебімізде ашылған Ә.Ермековтің мұражайы , қосымша білім беру бойынша үйірме жұмыстары және мектеп кітапханасындағы жаңа оқулықтармен танысты.Айгүл Мұқашева өз сөзінде кәсіподақтың әрбір мүшесінің ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты"атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Жақында өткен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кезекті XXVI съезі қазақстандық кәсіподақтар жұмысындағы басты бағыт адам еңбегінің лайықты өмір сүру сапасын қамтамасыз ету болып табылатынын растады.
-
Фотографии
-