"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларын қолдауға арналған дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясының аясындағы шаралар биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде.
Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.Науқанның мақсаты жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларды қолдау, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, яғни жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
15-17 қыркүйек күндері Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы мен Маңғыстау облыстық ұйымы ҚБ-нің қолдауымен облыстың филиалдар мен облыстық кәсіподақ ұйымдарында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Акция барысында мектеп оқушылары оқуға қажетті құралдармен қамтамасыз етілді.Алдағы уақытта да бұл акция өз жалғасын таба береді.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ
кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-