АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қыркүйектің 9 күні Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы кезекті Атқару комитетінің отырысын өткізді. Оған комитет мүшелері, аудандық, қалалық филиалдардың төрағалары қатысты.
Кәсіподақ үйінің мәжіліс залында өткен алқалы жиынды ашқан Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков ең алдымен Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының ХХVІ съезінің шешімдері мен қорытындыларына шолу жасап, кәсіподақтар федерациясы Бас Кеңесі отырысының материалдарымен таныстырды. Мұнан соң төраға орынбасары Берік Баймағамбетов «COVID-2019» пандемиясы жағдайында сала қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру мен құқықтарын қорғау шаралары туралы баяндады. Одан кейін 2018-2020 жылдарға облыстық білім басқармасымен жасалған Әлеуметтік әріптестік актілерінің орындалу барысы мен 2021-2023 жылдарға арналған облыстық салалық Келісім жобасымен таныстырды.
Күн тәртібіне сәйкес жиын қатысушылары «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушы кәсіподақ қызметкерлеріне құқықтық, ақпараттық және ресурстық көмек пен қолдау көрсету шараларын талқылады. Бүгінде үгіт-насихат жұмыстары басталып кеткен саяси додаға Кәсіподақтың босатылған негіздегі 10 қызметкері қатысуда.
Карантиндік шектеулерге байланысты осыған дейін онлайн форматта өтіп келген Атқару комитетінің отырысын «Еңбекші» салалық газетінің Бас редакторы Бейбіт Бекназаров қорытындылады. Ол жиын қатысушыларын биылғы басылымға жазылым нәтижелерімен таныстырып, үздік атанған кәсіподақ ұйымдарын ынталандыру сыйлықтарымен марапаттады. Жыл қорытындысы бойынша Т.Рысқұлов, Қордай және Жуалы аудандары көш бастады.
«Еңбекші»-ақпарат
-
Фотографии
-